От пневмонии умер отец певицы Ерке Есмахан

Яндекс
Источник фото: Яндекс

Мужчина умер через день после госпитализации.

От двухсторонней пневмонии скончался отец известной казахстанской певицы Ерке Есмахан, передает Today.kz.

Об этом сообщил бывший муж артистки, журналист Асхат Садырбай. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Былтыр күзде ғана ата отбасы мен немерелерімен астанаға келіп, бәріміз Бурабайға барып, сосын кешке түрік мейрамханасында дастархан жайып, күтіп, бір шүйіркелесіп отырып едік. Алматыда тұратын кезімде атаның сүйікті апорттарын Көк базардан іздеп тауып, пойыздан сәлемдеме салып тұратынмын. Ата да келген кезде әйтеуір бір сыйлықпен келетін. Өмір болған соң бәрі біз ойлағандай бола бермейді екен. Басымыздан тағдырдың қиын сынағын өткізіп жатқан сәттерде де ол кісі маған бір ауыз ауыр сөз айтпаған еді. Ойланып отырсам ол да екінің бірінде кездесе бермейтін үлкен адамдық қасиет екен ғой. Жалпы ата көп сөйлемейтін, байыппен бақылап, тыңдап отырып, сосын нақты айтатын. Газет оқитын, ноутбугын тастамай жүріп көп жазу жазатын. Тіл жанашыры еді. Еңбек жолының көп жылын қазақ тілінің дамуына, өркендеуіне жұмсады, оқу-ағарту ісіне үлкен үлес қосты. Ырғыздағы музыкалық мектептің ашылуына мұрындық болған. Өзі тіл маманы болса да спорттық ойындардың ережелерін жақсы білген. Өзі ұстаз болған жылдары балаларға ерінбей сол ережелердің бәрін үйретіпті. Ауылда болса да жазда воллейбол, қыста хоккей ойнатқан. Міне, ел үшін туған азамат өз еңбегімен талай жетістіктерге жетіп, ұл-қыз өсіріп, немере сүйіп, шөбере көріп, о дүниеге асқақ армандары орындалып аттанды. Бүгін ақсақалды жер қойнына тапсырдық... Нұрмаханұлы Әбдіраш Есмаханның Жеңіс күніне арнаған фейсбуктегі жазбасынан: “Біздің алдымыздағы ұлыларымыз бен үлкендеріміздің, ұлы аналарымыз бен ана-апаларымыздың басынан өткізген, көрген қасіреттері мен қиындықтарын біздің тұстастарымыз, бізден кейінгілер көрмей өстік. Кейінірек барып білдік. Жоғарыдағы, бұдан басқа да осындай зар-запырандар қаншама отбасында нешеме рет қайғы болып төгілмеді, сансыз жүректерді жаралады. Соғыстың сұрапылын басынан өткізгендердің бірде-біреуі ешқашан ұмытылмайды, оны басынан кешкен барлық жанның ауыртпалықтары мен қасіреттері еш уақытта ешкімнің есінен кетпейді. Енді осы айтылғандарды біздің кейінгілердің, ұрпақтарымыздың басына бермесін. Бейбіт күн мәңгілік сақталсын деп тілеймін. Жер бетіне соғыс бұлты төнбесін. АЛЛА әлемге тыныштық, адамдарға сабыр бергей !! (23.04.2020)” Бақұл болыңыз...

Публикация от Askhat SADYRBAY (@askhatsadyrbay)

Известно, что папа казахстанской певицы проживал в Актобе.

В Актобе за неделю сотни человек поступили в больницы с пневмонией, при этом тест на коронавирус, который часто приводит к ней, у заболевших показывает отрицательный результат. Резкий рост числа заболевших пневмонией в городе зафиксировали на этой неделе, когда в день число госпитализаций доходило до 130, от пневмонии скончалось 16 человек.


Сегодня в ТОПе