Торегали Тореали предложил взять Димаша "под государственную защиту"

соцсети
Источник фото: соцсети

Казахстанский певец Торегали Тореали посвятил пост звездному коллеге Димашу Кудайбергену .

Торегали предложил обеспечить Димашу защиту на государственном уровне, передает NUR.KZ

"Димаш поднялся на вершину славы, он прославил нашу страну на весь мир. Мы все рады его успехам и гордимся им. Но наш менталитет и в этом случае не дает покоя, наш народ и тут придумывает всякие небылицы. Но Димаш не обращает внимания на эти слова, наоборот, он показал нам, как нужно любить свой народ, показал, как нужно служить своему народу и чтить память своих предков. 

Я знаю, что Димаша сравнивают со мной и с Кайратом, пытаются испортить наши отношения всякого рода сплетнями, и мне становится грустно. Мы с Кайратом всегда желаем только добра своим братьям и сестрам. Мы никогда не сравниваем их друг с другом, не пытаемся принизить одного, возвысив другого", - написал Торегали. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

ДИМАШ.. Көп айтуды,артық таныстыруды қажет етпейтін азамат. Қазақстанның әлемдік деңгейдегі иммиджіне жүздеген жоба,миллиондаған,миллиардтаған ақша салынды,салынып жатыр. Әрине мемлекеттің ол жұмысы да нәтижесіз емес, десе де соңғы екі-үш жылдағы Димаштың шыққан биігі біздің елімізді қандай биікке көтергенін бәріміз көріп отырмыз. Жиырмасыншы ғасырдағы Әміре атамыздың Францияда өнер көрсетуі,қазақ әнінің кереметіне әлем халқын ұйытып, тыңдатуы бір құбылыс болды,бірақ ол кезде біз бодандық бұғауында бұлқынып өз мүмкіндігімізді толық көрсете алмадық. Ақыры сол сапары қайталанбас әншінің басына сор болып жабысып,тағдырын тәлкекке салған деседі. Ла-Скалада ән салған тұғыш қазақ- Амангелді Сембин еді. Өкінішке орай ол ағамызда қарымын толық жаза алмай,көп арманы ішінде қалды. Саяси жағдайлар араласып кеткенге ұқсайды. Енді жиырма бірінші ғасырда жарқ етіп әлем аспанын ән шұғылысына бөлеп,анау-мынау адамның басы айналатын биікке көтерілген-Димаш бауырымыз болды. Бұған бәріміз қуандық һәм тілекшіміз. Оны да сан-саққа жүгіртіп,алып-қашпа әңгімеге айналдырып алатын қазақылығымыз да қалмай біраз жерге дейін еріп келді. Бірақ ол үшін Димаш бізге өкпелеген жоқ, тек өз ұлтын қалай сүю керектігін,оған қалай құрмет көрсетіп,қызмет жасау керектігін іспен дәлелдеп келе жатыр. Димашты сырттай менімен,Қайратпен салыстырып,аракідік от салып отыратын пікірлерді көріп қалып,қынжылып қаламын. Біз Қайрекең екеуміз де Димаш бауырымыздың және сол сияқты еліміздің талантты ұл-қыздарының тек тілеуқор,жанашыры екеніміз Аллаға аян. Ешқашан бақ таластырып,бақастық туралы ойлап көрмеппіз. Тіпті Димаштың әкесі Қанат ағамен менің әкемнің достығы,жолдастығы сонау Ақтөбеден бастау алғанын біреу білсе,біреу білмес. Ол әңгімеге арнайы тоқталамыз. "Керуеннің жолы бір болғанымен,несібесі әртүрлі" деген қазақ. Бауырымызды тіпті мемлекеттің қорғауына алып,қамқорлық көрсетсе де артықтық етпейді,себебі мұндай феномен қазаққа енді қашан келетінін Құдай білсін! Бүгінгі туған күнің құтты болсын,Димаш! Өзіңде тегін жігіт емессің ғой,туған күнің Айт мерекесімен тұспа-тұс кепті. Арғы аталарыңның Айтпай екенін ескерсек бұл мерекенің де саған қандай ыстық екенін білемін. Алла жолыңды ашық қылсын бауырым!!!

Публикация от 𝐓𝐎𝐑𝐄𝐆𝐀𝐋𝐈 𝐓𝐎𝐑𝐄𝐀𝐋𝐈 (@toregalitoreali)

А также певец рассказал о дружбе своего отца с отцом Димаша и добавил, что Кудайбергену можно предоставить государственную защиту

Еще Торегали поздравил звездного исполнителя с днем рождения, который был 21 мая.


Сегодня в ТОПе